Тараз қаласында осы жылдың 15-16 сәуірінде Отбасылық Тәрбиелеу Институтының ұйымдастыруымен мектеп психологтары мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілеріне арналған біліктілігін арттыру семинар-тренингі өткізілді.

Семинар №23 мектептебінде, Отбасылық Тәрбиелеу Институтының психолог-маманы Жарқымбаева Аида Заутбекқызының  жүргізуімен өтті. Семинар-тренингті ұйымдастыруға Білім басқармасының әдіскері – Тортаева Э.Н. септігін тигізді.

Алғашқы күні тренер балабақшаның психолог-тәрбиешілерімен кездесті. Семинардың басы танысумен басталды. «Танысу» жаттығуында, әрбір қатысушы жүргізушіден допты алып, өзінің есімі мен бір қасиетін айтып, келесі қатысушыға допты береді. Тренинг барысында, қатысушылар баланың ерте жасында кездесетін дағдарыстық кезеңге байланысты сұрақтарын қойды. 

Қатысушылар түрлі әдіс-тәсілдермен, сонымен қатар, фототерапиямен және арт-терапиямен танысты. Бұл әдістердің жаттығулары қатысушыларды қызықтырды. Осы семинар-транингтен кейін, барлық көрсетілген жаттығулар мен әдіс-тәсілдерді педагог-психолог мамандары, өздерінің алдағы жұмыстарында пайдаланатын болады. Ерекше атап өтетіні «Сенім жартасы», ол оңай және қызықты жаттығу.

Тараз қаласындағы кездесудің екінші күнінде, тренер мектеп психологтарымен кездесті, онда аддективті мінез-құлық пен оның пайда болу себептері қарастырылды. Балалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының алдын алу мәселесі жайында сөз қозғалды.

Қатысушылардың ойынша, барлық проблема отбасынан басталады. Егер біз, яғни педагог-психологтар, отбасымен нәтижелі жұмыс жасасақ, оларға қажетті мәселеге байланысты дұрыс психологиялық көмек көрсете білсек – онда біздің балаларымыз, болашағымыз бақытты және психологиялық тұрғыда дендері сау болар еді.

Семинар барысында, әрбір қатысушы бала өміріне бейберекет қарамайтындықтарын көрсетті. Бұл таңқаларлық жағдай емес, себебі қатысушылар бала өмірінің жанашыры – ұстаздар!!!  Халық арасында, ұстаздық қиын жолды тек жан-жүрегімен балаға деген махаббаты сезінетін кісі ғана таңдай алады – деп бекер айтпайды.

Тренингтің соңында барлық қатысушылар буклет, семинарға байланысты қажетті мәліметтер жазылған дисктер мен сертификаттарды алды.

А. Жаркимбаева