2015 жылдың 16 мамырында Отбасылық Тәрбиелеу Институты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің, «НұрОтан» партиясының қолдауымен, «ҰБТ-не дайындық барысындағы жасөспірімдердің ата-аналарына психологиялық көмек» атты Бірыңғай Республикалық Ата-аналар Конференциясын өткізуде.

Ең алғаш еліміздегі ата-аналар қауымымен ауқымды кездесулерді, институт 2014 жылдың мамыр айынан, бітірушілердің ата-аналарына арналған респуликалық жиналыстан бастау алды. Конференция республикамыздың 16 қаласында, 130 мекемеде жүргізілді, жиналысқа 31 мыңнан астам ата-ана қатысты. Жиналыс барлық ата-аналардың көңілінен шықты.

Ол тек ағартушылық жұмысын жүргізіп қана қоймай, барша отбасына психологиялық қолдау көрсетті. Емтихан тапсыру барысында, ҰБТ-дайындық кезеңінде ата-аналар мен балаларының, тіпті, аттестация төрайымымен және мектеп әкімшілігімен де қақтығыстар болып жататыны ешкімге құпия емес. Дегенмен, ҰБТ – бұл ата-аналардың жағымсыз эмоцияларын шығару үшін емес, бұл әділетті бағалау әдісі. Кейбір ата-аналар өздерінің балаларынан ҰБТ тапсыру барысында нақты нәтижені шығаруға бағыттайды, сол себепті, балалары төмен ұпай жинаса, оны қалыпты жағдайда қабылдай алмайды. Осы уақытта қақтығыстық жағдайлар туындап жатады. Ата-аналарға қажетті түсініктерді беріп, қақтығыстық жағдайлардың алдын алу үшін «ҰБТ-не дайындық барысындағы жасөспірімдердің ата-аналарына психологиялық көмек» атты Республикалық Ата-аналар конференциясы жүзеге асуда.

16 мамыр күні ата-аналар конференциясына, тек қалалық мектептер ғана емес, сонымен қатар, аудандық және ауылдық мектептер де атсалыса қатысады. Конференцияның әдістемелік өңдеулері барлық Білім басқармаларына жіберілді. Аталмыш конференциядағы ата-аналар саны алдағы жиналыстағы ата-аналар санынан әлдеқайда жоғары болады деген үміттеміз. Ата-аналар қауымымен 1000-нан астам педагог-психологтар жұмыс жасайтын болады. Бұл мамандардың барлығы – Отбаслық Тәрбиелеу Институтының, ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен жүзеге асып отырған, отбасылық тәрбиелеу мәселесі бойынша кәсіби біліктілігін арттыру Программасының түлектері болып табылады.

Конференция барысында психолгтар, түлектердің ата-аналарымен ҰБТ тапсыру барысына дайындық кезінде кездесетін ата-аналардың конструктивті емес мінез-құлықтары – бейберекеттік, жауапсыздық пен салғырттық, қобалжу мен балаларын қорқыту сияқты іс-әрекеттері жайында сөз қозғайды. Ата-аналарға жасөспірімдердің стресске төтеп беруді жоғарылату, қысым мен қобалжуды төмендетуге арналған әдіс-тәсілдер ұсынылады. Психологтар, балаға қалай жағымды көңіл-күй туындату мен өзінің уақытын, күш-жігерін тиімді пайдалана білуге кеңестер береді. Балаларымен жұмыс жасау барысында, ата-аналар өте маңызды іс-әрекет жасайды, ол: баланың бойындағы қысым мен қобалжуды төмендете отырып, дайындыққа ыңғайлы жағдайлар туындатады.                

Бұл еліміздің ата-аналарына арналған педагогикалық-психологиялық ауқымды акция, ҰБТ тапсыру барысна дайындық кезеңіндегі жасөспірімдердің ата-аналарына психологиялық көмек ретінде, сонымен қатар, ата-аналардың көпшілігінде мектепте оқитын өзге де балаларының барын ескере отырып, білім ордасымен байланыста болулары үшін ұйымдастырылуда. Осыған байланысты, ата-аналар мектепте білікті психологтың барын ескере отырып,  көмек сұрауға және кеңесуге болатынын білгендері абзал. Республикалық акция мектеп психологтарының кәсіби беделін көтеруге бағытталған.  

Конференцияның өткізілу мерзімі: 2015 жылдың 16 мамырында 10.00 –ден 13.00- ге дейін.

Жүргізілу мекені: ҚР 14 аймақтың білім мекемелерінде, Астана және Алматы қалаларында.

Қатысушылар: ҚР мемлекеттік білім басқармаларының басшылары, «НұрОтан» партиясының өкілдері, Отбасылық Тәрбиелеу Институтының 1000 астам психолог-педагог мамандары, мектептегі директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер, мектептің медицина қызметкерлері, мектеп психологтары және 11-сынып оқушыларының ата-аналары.

Байланыс телефондары:

Отбасылық Тәрбиелеу Институты – 8(7172) 951345,951344, эл. адрес: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., Набитовская Любовь Николаевна-директор.