Білім беру басқармасы 2015 жылғы 28-30 сәуір аралығында облыстың 8 ауданында «Кіші және орта жасөспірім жасындағы оқушылардың ата-аналарына психологиялық көмек» атты ата-аналар конференцияларын ұйымдастырды. Шараға 500-ден аса ата-ана мен мектеп психологтері қатысты.

Конференцияны Астана қаласындағы Отбасыны Тәрбиелеу Институтының түлектері, Павлодар қаласының № 1, 15, 18, 33 және Кенжекөл орта мектептерінің психологтері аталған институт дайындаған материалдарды пайдаланды.

Психологтер бала тәрбиелеу туралы слайдтарда, бейнесюжеттерде, клиптерде балаға деген жеке көзқарастың маңыздылығы, бала мен ата-аналардың отбасыдағы қарым -қатынастары, оңтайлы тәжірибелер туралы ақпарат ұсынды. Әрбір ата-анаға баланы дұрыс тәрбиелеу туралы нұсқаулары бар жадынамалар таратылды.

Ауылдық мектептерінің психологтеріне ата-аналармен, оқушылармен, қиын жасөспірімдермен жұмыс істеу бойынша әдістемелік көмек көрсетілді. Отбасыны қолдау қызметін жүргізу бойынша қойылған талаптар түсіндірілді. Психологиялық қызметтің құжаттарын жүргізу бойынша кеңес берілді. Көмек ретінде жұмысқа пайдалану үшін Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әзірлеген мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын дамытуы, балалар мен жасөспірімдерде дезадаптациялық күйлердің қалыптасуын болдырмау және балалар арасында өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар таратылды. 

Татьяна Красковская