«Бақытты отбасы» Отбасылық Тәрбиелеу институтының орта білім беру ұйымдарының психологтарын даярлау және қайта даярлау отбасылық тәрбиелеу жөніндегі Республикалық жобаның баспасөз релизі.

Педагог-психолог елімізде мамандық ретінде шамамен 25 жыл бұрын пайда болды. Олар 90-жылдан бастап балаларды мектепке дайындау және ерекше назар талап ететін балалармен айналыса бастады. Бірақ әлі күнге шейін бұл мамандық ерекше көңіл талап етеді. Білім беру жүйесінде психологиялық қызмет үнемі түзетілуімен  жетілдірілуін қажет етеді. Бұл жұмыстың сапасын арттыру - кәсіби мамандармен қамтамасыз етіп, олардың біліктілігін үнемі жетілдіруіне байланысты. Психологтың білім деңгейі заман талаптарына сай болығаны жөн, сондықтан маман әрдайым біліктілігін жүйелі түрде арттырып тұрғанын қажет етеді. Ол өз кәсіби қызметінің негізгі бағыттарына – ағартушылық, түзету, түрлі мәселелердің алдын алу шараларына, психодиагностика және кеңес беру жұмыстарына жауапты. Жоғарыда көрсетілген барлық біліктілік талаптары орындалатын болса ғана, педагог-психолог кәсіби қызметін сапалы орындай алады. Өйткені, оның басты мақсаты - оқушылардың психикалық және әлеуметтік әл-ауқатын сақтау. Осыған байланысты заманауи мектеп психологы отбасылық педагогика мен психология және отбасылық тәрбие бойынша білімді болып, ата-аналар қауымдастығымен жұмыс жасай білу керек. Өйткені олардың тікелей қатысуымен ғана мектептердегі «ата-ана-оқушы -оқытушы» үштігінде туындайтын көптеген психологиялық-педагогикалық мәселелер шешіледі.

Осы жағдайға байланысты, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Астана қаласында «Ibis» қонақ үйінде,  ағымдағы жылдың тамыз айында Қазақстанның 14 өңірінің, Алматы және Астана қалаларының отбасылық тәрбиесі бойынша 500 мектеп психологын оқытуды ұйымдастырады. Мамандарды  профессор С. Евдокимованың 100 теориялық және практикалық сағаттан   тұратын  «Бақытты отбасы» атты  арнайы авторлық курсы бойынша оқытылады. Қатысушыларды  Алматы қаласының Абай ат. Қаз.ҰПУ және Мәскәу қаласының М.Ломоносов ат. ММУ, Әлеуметтік экономикалық даму ЖКББЖМ, Психотерапия және  клиникалық психология институтарының 14 белгілі ұстаздары оқытады.  Оқыту барысында тыңдаушылар   психология саласындағы соңғы зерттеулер мен практикалық жаттығулармен танысып қана емес, осы профессорлардың  жетекшілігімен қоғамның өзекті мәселелері бойынша эссе жазады.

Курс аяқталғаннан кейін барлық тындаушыларға сертификаттар, сонымен қатар, мұғалімдер мен ата-аналардың психологиялық сауаттылығын арттыруына бағытталған орыс және қазақ тілдерінде қосымша оқу материалдары беріледі. 

Отбасылық білім беру институтының мекен-жайы:

Астана қаласы, Абай к-сі, 18, 303 каб.

Тел.: 8 (7172) 256409, 256509