Республикалық жобаның іске асырылу қорытындысы туралы - «21-ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» атты республикалық ата-аналар конференциялары бағдарламасының курсы.

Әрбір қазақстандық отбасының борышы – жаңа формация азаматын, алдыңғы буындар жасаған игіліктерді ұлғайтуға, мемлекетіміздің дамуы мен гүлденуі үшін жемісті жұмыс істеуге қабілетті шығармашылық адамын тәрбиелеу. Мемлекет қойған жоғары мақсаттарға қол жеткізу қазақстандық өскелең ұрпақтарды ата-ана отбасында сауатты тәрбиелеген жағдайда ғана мүмкін болмақ. Ал сауатты отбасылық тәрбиені, өз кезегінде, бала дамуының ерекшеліктерін түсінетін, есею процесінің күрделілігін ескеретін, өз баласына туындаған қиындықтарды жеңуге көмектесе алатын жоғары педагогикалық құзыретке ие ата-аналар ғана қамтамасыз ете алады.

Алайда біз қазіргі уақытта отбасылық тәрбие сапасының сын көтермейтінін айтуға мәжбүрміз.

Қазіргі әлем қатты күрделеніп кетті және нәтижесінде баланың виртуалды шындыққа кетуі, буллинг, материалдық-қаржылық жіктелудің кесірінен болатын бақталастық, жаппай көргенсіздік секілді проблемалар пайда болды. Ата-ана кейде өзін дәрменсіз сезінеді және бәрінен қажып кетеді, сондықтан да жағдайы жап-жақсы отбасыдан шыққан бала қараусыз балаға айналады.

 Ата-аналарға педагогикалық сауаттылық жетіспейді. Оларға өздері тап болатын проблемалар бойынша білікті кеңес керек.  

Міне осы жерде ата-ана ретіндегі сауаттылықты қалай тиімді арттыруға болады, әрбір қазақстандық отбасындағы ата-аналар отбасындағы бала тәрбиесі мәселелері бойынша қажетті білімдер алуы үшін қандай практикалық құралдар пайдалану қажет деген сұрақ бірінші орынға шығады.

Осы мақсатта Отбасылық тәрбие институты ата-аналармен жұмыстың инновациялық түрін әзірледі және ұсынды, ол - 21-ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» атты Республикалық Ата-аналар Конференциялары бағдарламасы бойынша жүйелі түрде курстар өткізіп тұру.

Биылғы жылғы ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша Институтқа 8 қыркүйектен бастап 14 қазанға дейінгі кезеңде түрлі жастағы, бірінші сынып оқушыларынан бастап бітіруші сыныптарға дейінгі оқушылардың ата-аналары үшін  бес Республикалық ата-аналар конференцияларын өткізу тапсырылған болатын.

Конференция бағдарламасы әрбір қазіргі отбасы тап болатын күрделі сын-тегеуріндерді ескерді. Ата-аналар баланың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу бойынша шаралар, отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту, жасөспірімдер ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу шаралары, жасөспірімдер ортасындағы девианттық мінез-құлық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу, кәмелетке толмаған балалардың суицидтік (ауто-деструктивті) мінез-құлқының алдын алу секілді біздің азаматтарымыздың көпшілігін алаңдататын мәселелер бойынша ақпарат алды.

Барлық бес конференцияның мазмұны педагогика ғылымы мен практикасының соңғы жетістіктерін ескеріп, сондай-ақ қазіргі шындықтарды ескеріп әзірленді.  

Отбасылық Тәрбие Институты егжей-тегжейлі әдістемелік материалдар әзірледі. Конференцияны жүргізетін әрбір психологқа слайд-презентациялар мен тақырыптық бейнероликтер түріндегі бейне-сүйемелдеумен бірге конференция сценарийі берілді. Ата-аналарға балаларды психологиялық қолдау бойынша ата-аналарға арналған Сауалнамалар мен Жадынамалар берілді.

Біз барлық бес конференцияның сәтті өткенін қуана атап өткіміз келеді. Ата-аналар үшін 32772 мектеп алаңдары жұмыс істеді. Оқушылардың ата-аналарының конференцияларға жалпы қатысуы 14 облыс орталықтарынан және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 2637709 адамды құрды.

Кейбір мектептер конференция материалдарын ұсынуда өздерінің өзгеше тәсілдері және балалар мен ата-аналарды шығармашылық шараларға қатысу үшін белсенді тартуы арқылы жақсы жағынан ерекше көзге түсті.    

Барлық конференцияларға қатысқан ата-аналар іс-шара кезінде айтылған ақпараттың ең маңызды тезистері жазылған жадынамалар алды, сондай-ақ ата-аналар сауалнамадан өтуге қатысты.

Республикалық конференцияларды өткізу үшін 7000-нан астам мектеп психологтары дайындалды. Бұдан басқа, 14000-нан астам педагог конференцияларды өткізу кезінде ерікті ретінде қызмет етті. Конференцияларға қатысқан оқушылардың ата-аналары 6000-нан астам жағымды пікір жазды. Олар осы іс-шараларға қатысудың аса қажет екенін және оның жоғары сапасын атап өтті.

Облыстық өңірлердегі бұқаралық ақпарат құралдары конференциялар туралы жаңалықтар бейнематериалдарын дайындады және оларды жергілікті теледидарда көрсетті.  

Мектептер өз бетінше өткізілген конференциялар туралы жүзден астам бейне есептер дайындады.

Ата-аналар конференцияларына қатысушылар осы іс-шаралардың қорытындысы бойынша мынадай ұсыныстар айтты:

Біріншіден, алдағы 5 жыл бойы оқушыларды оқыту, дамыту үшін аса жайлы жағдайлар жасау мақсатында, білім беру процесін отбасылық тәрбие мәселелері бойынша психология-педагогикалық сүйемелдеу жөнінде жоспарлы жұмыс жүргізу.

Екіншіден, жыл сайын еліміздің барлық мектептерінде ата-аналар конференцияларын өткізіп тұру, себебі олар оқушылардың ата-аналары үшін өте-мөте пайдалы.

Және, үшіншіден, мектеп психологтарының ата-аналармен отбасылық мәселелер бойынша жүйелі түрде тренингтер өткізіп тұруы. Сондай-ақ сынып жетекшілері сынып сағаттары уақытында отбасылық тәрбие бойынша жұмыс жүргізе алуы үшін, олардың біліктілігін арттыру жұмыстарын жүргізу қажет.

Республикалық ата-аналар конференциялары бағдарламасының курсын қорытындылай келе, олардың белсенді қатысуы психология-педагогикалық сүйемелдеудің бүгінгі күні балаға ғана емес, сонымен қатар оның ата-анасына да қажет екені туралы сөзсіз фактіні көрсететінін атап өткен жөн.  Отбасылық Тәрбие Институты отбасындағы бала тәрбиесі мәселелерінде ата-ана құзыреті деңгейін арттыру ата-аналарға өз балаларын дұрыс тәрбиелеуге мүмкіндік беретініне сенеді, бұл, түптің түбінде, міндетті түрде қазақстандық өскелең ұрпақтардың мәдениет деңгейінің артуынан көрініс табады.

С. Евдокимова

Фотосуреттерде ШҚО Семей қаласының мектеп алаңдары ұсынылған.