"21 ғасырдағы қазақстандық ата-аналар". Осындай атаумен отбасы күніне орай бүкіл Қазақстан бойынша республикалық біріккен ата-аналар конференциясы өтті.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі мен  "Нұр Отан" партиясы, отбасылық тәрбие институты ұйымдастырған бұл шара "Отбасыларды қолдау апталығы" аясында өтті. Конференцияда "Өз балаңа үлгі бол: ата-аналарға психологиялық-педагогикалық көмек, тақырыбы талқыланды. Конференцияға қатысушылар "ата-аналарға "Тәрбиені өзіңізден бастаңыз. Әр бала өзінің ата-анасына ұқсайды" деген ұтымды ойлар айтты. Сонымен қатар, биыл баласын бірінші сыныпқа апарған  ата-аналарға ақыл кеңестер айтылды.

Источник: ТРК Қазақстан Атырау