Осындай атаумен 21 ғасыр ата-аналарының жауапкершілігін арттырумен қатар, бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек беру мақсатында республикалық конференция еліміздің барлық мектептерінде өтті. Бұл шарадан қалмыздағы №3 мектеп гимназиясыда тыс қалмады.

Алдымен ҚР Білім және ғылым министрінен ата-аналардың республикалық  конференциясының қатысушыларға  арналған құттықтауы оқылды. Шараға мектептің бірінші сынып оқушыларның түгелдей ата-аналары шақырылған. Ортаға шығып сөз алған психолог мамандардың сөзінше, ата-ана баланың жеке тұлға екенін, мінез-құлықтары әртүрлі екенін айта отырып мақтау мен эмоционалдық қолдау жасап отырулары қажет.Білікті де тәжірибелі мамандардың ақыл кеңесіне көңілдері толған ата аналар, мұндай мам андардың балғындарына көп көмегін тигізеріне сенімді. 

«Өз балаңа үлгі бол» конференциясы бұл күні қаламыздағы 76 мектепте өткізіліп, биыл оқуға қабылданған 8000 жуық бүлдіршіннің ата-анасына бағыт-бағдар сілтеді. Баланың бейімделуіне байланысты көптеген сұрақтарға түсінік берген мамандар  ата-аналарға  бала тәрбиесінде шыдамды болуға,  баланы қашанда зейін қойып тындай алулары қажеттігі жөнінде кеңестерін берді. Конференция жұмысы барысында Отбасылық Тәрбиелеу Институтының өкілдері де өз жұмыстарының жетістігімен бөлісті.

Өскелең ұрпақтыеңбекқорлыққа және зияткерлік әлеуетін артыруға күш салған конференцияда психологтар ата-ананы балаға деген мейірімнің мол болуына баса көңіл бөлуге шақырды. Конференцияға қаттысушылар алдында  «Нұр Отан» партиясының облыстық филлиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова да бала тәрбиесінің алдыңғы орында қала беретінін жеткізді.

 

Автор: Мақсат БЕЙСЕНАЕВ    

14:32, 13 қыркүйек 2016 

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының ресми сайты