b1b2b3020400

«Басқа адамды өзгертің келсе, өзің өзгер!»

2012 жылы 21 қарашада «Айналайын» балалар бақшасында Отбасылық тәрбиелеу институтының қызметкерлері Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеу аясында, ата-аналарға арналған: «Қазақ отбасы: дәстүрлер және қазіргі заман» атты тақырыпта ашық тренинг-сабақ өткізді.  

 

Тренингтің мақсаты: Қазақ отбасының дәстүрлері және отбасындағы эмоционалдық байланыстарды үйлестіру туралы әңгімелеу.

Тренигтің барысында шешілетін міндеттер: ата-аналарға эмоционалдық шиеленісті шешу әдісімен, отбасының басқа мүшелеріна зиян келтірмей, жағымсыз эмоцияларды шығара білу жолын үйрету.
Отбасылық тәрбиелеу институтының директоры – Набитовская Любовь Николаевна «Айналайын» балабақшасының ата-аналар комитетінің он алты өкілін Отбасылық тәрбиелеу институтының құрылған күннен бастап істеген қызметімен таныстырды, институттың ата-аналарға арнап жүргізетін психологиялық тренингтердің өзектілігі жөнінде әңгімелеп берді. Тренингте ата-аналардың отбасылық педагогика және психология туралы жаңа білімдерді меңгеретінін, және оларды жетекшілер жүргізетін арттерапияның, ертегі терапиясының жаңа әдістемелерімен, әр түрлі психологиялық жаттығулармен, тесттермен, әңгімелермен, рөлдік ойындармен бекітетіне басты назар аударылды.

Осылайша, тренингтік жұмыс үдерісінде ата-аналардың стереотиптерді зерделеуі болады, олар оны балалар тәрбитесінде басшылыққа алады, отбасылық тәрбиелеудің келелі мәселелерін шешуге қатысты жаңа формалар мен тәсілдер меңгеріледі.

Өйткені тренингтердің шыққан жері:
«Басқа адамды өзгертің келсе, өзің өзгер!» формуласы болып табылады емес пе!?

          
Жетекші, отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші Айнұр Оралбекқызы Өмірова, қуыршақ терапиясы элементтерінің бірі «Кішкентай адам» жаттығуын пайдаланып, ата-аналарды таныстыру арқылы сабақты жалғастырды. Әр ата-ана сулықтан өз қуыршағын, өз бейнесін жасады, қай жерде туғаны, неше баласы бар екендігі, қандай отбасында өмір сүретіндгі туралы шағын әңгіме айтты.  

Жетекші ұсынған «Қазақ отбасы: дәстүрлер және қазіргі заман» атты тақырыптағы шағын дәріс өте қызықты болды. Ол Әл-Фарабидің: «Адамға әуелі тәрбие берілуі қажет: тәрбиесіз берілген білім адамзаттың хас жауы»,-деген ұлағатты сөздерінен басталды.


«Отбасы» (сөзбе-сөз. «ошақ-қайнар көз») – қазақ үшін қасиетті ұғым. Туысқандық байланыстар – оның өмірінің айрықша құрылымы; әр қазақ біреуге «туыс» - ұлы немесе қызы, ағасы-інісі немесе әпкесі-сіңлісі, әйелі немесе күйеуі, әкесі немесе анасы. Бірде бір қазақ, өз өмірін туыстардың қарым-қатысынсыз елестете алмайды.

Туысқандық байланыстарға осыншалықты маңыз беретін, басқа халықты табу қиын болар.

Әдетте қазақтар үлкен отбасымен өмір сүреді, қазіргі кезде жеке өмір сүретін нуклеарлық отбасылар (құрамына ересектердің бір ғана ұрпағы кіретін) жоқ деуге болады: қазақ дәстүрі бойынша кіші ұл көбіне ата-анасымен бірге өмір сүреді және өзінің отбасымен ата-анасының қарашаңырағында құрады, сондықтан да кәмелеттік жасқа толған және қаржылыққа дербестікке ие болған жастар,  некеге тұрған жағдайда да, ата-аналарының үйін тастап кетпейді.    
     Тренинг жетекшісі қазақ отбасының дәстүрлері мен құндылықтары туралы әңгімесінен кейін, қазіргі заманғы қазақстандық отбасындағы мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мәселесіне ата-аналардың назарын аударды. Оларға ерте грек дәрігері Гиппократ анықтаған балалардың мінез-құлықтарының даму негізі ретіндегі темпераменттің түрлері (сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик) туралы қайталап айтты. Егерде ата-ана өз баласының қай темпераментке жататындығын білетін болса, ол баласымен тез тіл табыса алады. Балалар туылған сәттен бастап, темпераметтері бойынша ерекшеленеді. Бұл жөнінде әр ата-ана білуі керек. Ата-ана баланы тәрбиелей отырып, холерикті флегматикке, флегматикті  сангвиникке және т.с.с. айналдыруға тырыспауы керек.  
Мәселен: Холерик бала – не істегісі келетінін әрдайым біледі, өжет, батыл, ержүрек. Ымыраға келуі қиын, басқалардың пікірлерін тыңдамайды. Барынша тәуелсіз, ашушаң және агрессияшыл. Сондықтан да холерик баламен қарым-қатынас жасаған кезде көп төзімділік пен байсалдылық қажет, тек бала тынышталған кезде ғана, дене жазасымен емес, жасаған қылығының салдарын түсіндіре отырып, ұрсып, жазалау керек. Мұндай балаға суда жүзу, би билеу, табиғатқа шығу, серуендеу пайдалы.

Үй тапсырмасы ретінде жетекші ата-аналарға үйде өз балаларымен «Үш тілек» және «Екі үйшік» жаттығуларын жасауды ұсынды. Бұл жаттығулар ата-аналарға өз балаларының жақын туыстарына, достарына, өздері баратын ұжымына қатысты қарым-қатынастарын түсінуге көмектеседі.   

Тренинг барысында жүргізілген «Теңгерім дөңгелегі» жаттығуы, ата-аналардың өз отбасылық өмірлерінің түрлі салаларымен қанағаттандырылуының қандай деңгейде екенін түсінуге және қалауындағы нәтижеге жету үшін қандай функцияларымен әлі де болса жұмыс істеу керектігін анықтады.

Шаршасаң –демал! Тренингте ата-аналардың жұмыс қабілеттіліктерін  арттыру үшін, «Дедуля» музыкасымен дене терапиясы жаттығуын пайдалана отырып, көңілді дене шынықтыру минуты өткізілді.

«Түймелер» жаттығуымен жұмысқа кіріскен ата-аналар өздерінің отбасындағы өзара қарым-қатынас туралы, олар болашақта өз отбасыларын нығайту үшін қай бағытта жұмыс істеу қажеттігі туралы ойлануға тура келді.

Тренинг  «Махаббат Күні» жаттығуымен аяқталды.

Ата-аналар парақ қағазға он төрт шуақ тараған үлкен күннің суретін салды. Күннің ортасына өз ұлының немесе қызының атын және еркелететін атын жазды, ал әрбір шуағына өз баласын жағымды қабылдауын жазды. Жаттығу «Балаларды күн сәулесінен айыра көрмеңіздер» әнімен қосталды.

        

Тренингке қатысқандығынан естелік ретінде ата-аналарға алғыс сөздер жазылған ашық хаттар, сондай-ақ ата-анаға көмек ретінде психологиялық ұсыныстар, жадынамалар сыйға тартылды.                          

Тренингтен кейінгі ата-аналардың айтқан пікірлерін ұсынамыз:
Бізге тренинг барысындағы белсенді жұмыс ұнады, біз өзіміздің баламызбен өзара әрекеттестікке қатысты, өзіміздің қарым-қатынасымызды, мінез-құлқымызды өзгерткіміз келеді. Оны барынша ашық және сенімді еткіміз келеді. Біз, балаларды тәрбиелеу бұл –- ата-аналардың өзін-өзі тәрбиелеуі деп санаймыз.

Егерде тренингтерге екі ата-ана бірдей қатысатын болса, тренингтер барынша тиімді болады. Бұдан тренингтің тиімділігі арта түседі, ал нәтижесі жақсарады. 
Өйткені дұрыс тәрбиелеу бұл – бала мінез-құлқының ерекшеліктерін және күйзелістерін ести білу, түсіне білу және сезіне білу емес пе!?

Естелік фотосурет. Тренингтегі ата-аналар.
              

 

 
                 
                                                                                              А. Омирова

                                      

Комментарийлер 

Қолданушылардан 

Благодарность Институту из Петропавловска

Большое спасибо организаторам Конференции за предоставленную ценную информацию. Было бы очень хорошо, если б такие мероприятия проводились чаще. Особую благодарность выражаю за то, что с помощью психолога Института Семейного Воспитания я смогла разобраться в давно интересующих меня вопросах.    Мама ученика 6 класса, г. Петропавловск

Все отзывы

Институт әнұраны 

Рейтинг@Mail.ru

Біздің серіктестіктер:

Министерство образования РК Комитет по охране прав детей МОН РК Центр формирования здорового образа жизни города Астана 

   

Хабарландыру:

Данный сайт находиться на стадии доработки, предложения и пожелания можете отправлять на адрес  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Не воспитывайте детей,
всё равно они будут похожи на Вас.
Воспитывайте себя

Английская пословица