Ақтөбелік ата-аналар психологиялық-педагогикалық кеңес алды.

Бүгін еліміздің білім ордаларында «Өз балаңа үлгі бол» атты республикалық ата-аналар конференциясы өтті. Ақтөбе қаласындағы №8 орта мектептің 150-ден астам оқушының ата-анасы мен мектеп психологтары баланы тәрбиелеу, бос уақытын тиімді пайдалану, ата-ана мен мұғалім, оқушы арасындағы қарым-қатынас, педагогикалық тәрбие туралы айтты, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы №8 орта мектеп бірер жыл бұрын пайдалануға берілді. Биыл бұл білім ордасында алты 1 сынып ашылды. Әрқайсысында 25 оқушы бар. Барлығы 150-ден астам оқушының ата-анасы бүгін Білім және ғылым министрлігі, «Нұр Отан» партиясы мен Отбасын тәрбиелеу институтының ұйымдастыруымен өткен «Өз балаңа үлгі бол» атты ата-аналар конференциясына қатысты.

«Бұл 1 сынып оқушыларының ата-аналарына көмек. Себебі, көп ата-ана мектепке келген балаға мұғалім мен білім ордасы жауапты деп ұғынады. Қате пікір бұл. Мектеп те, ата-ана да өздерінің  жауапкершілігін бір-біріне артпауы қажет. Бала мектепке келгенде мұғалім қарауында болады, ал мектептен тыс уақытта ата-анаға аманат. Дегенмен қазіргі уақытта балалар мектептен тыс уақытын далада өткізіп жатады. Немқұрайлылықтан бала қыдыруға, жағымсыз әдетке бой алдырады. Жасөспірім шақта олар темекі шегіп, ішімдікке, есірткіге әуес болып, тәрбиелеу қиындайды. Сондықтан баланың әр қадамын қарап отырған дұрыс. Сонымен қатар, педагогикалық тәрбие бар. Ата-ана өзін тәрбиелеу арқылы баланы тәрбиелеуі қажет. Америкалық жазушы Томас Харис «Балаға көмектің ең дұрысы оның ата-анасына көмек» деп дұрыс айтқан. Сол принциппен біз оқушылардың өзіне ата-аналары арқылы көмектесу үшін жиналған едік»,- дейді Астана қаласындағы Облыстылық тәрбиелеу институтының психологі Нұрай Бимурзаева.

Ата-аналарға ақпараттық, псиологиялық, педагогикалық кеңес беру конференциясына №8 орта мектептің ата-анасы Жанар Қалыбаева да қатысты. Ол үшінші баласын биыл осы мектепке жетектеп әкеліп, партаға отырғызған екен.

«Конференция біз үшін маңызды, әсері өте мол. Балаларымыздың мектепке бейімделуі, ұстаз бен балалар арасындағы қарым-қатынасы және сынып оқушыларының бір-бірімен байланысы маңызды. Бала тәрбиесінде білгенімізден білмейтініміз, үйренеріміз өте көп. Биыл осы мектепте үшінші балам оқуға келді. Баламен бірге біз де қобалжып жүрміз. Әрі биыл жаңа бағдарлама енгізілді. Мұндай конференция кез келген ата-ана үшін пайдалы»,- дейді ол.

 
Айта кетейік, конференция кезінде облыстық білім басқармасының басшысы Сәуле Өмірбекова ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің алғы сөзін оқып, ата-аналарға сәттілік тіледі.
 
Автор: Алтынай САҒЫНДЫҚОВА, 10 қыркүйек 2016 ж 14:02 , Ақтөбе облысы
Фото: автордікі
Источник: BNews.kz 

Добавить комментарий

Помните, запрещается оставлять комментарии:
- содержащие призывы к разжиганию межнациональной, социальной и религиозной розни в любом виде;
- содержащие сведения, порочащие чьи либо честь и достоинство, не подтвержденные документально, и относящиеся к разряду клеветы;
- оскорбляющие честь и достоинства персонажей материала;
- противоречащие Конституции РК;
- содержащие нецензурную лексику в любом написании;
- писать латиницей или использовать прописные буквы;

При нарушении данных правил комментарии будут удалены.


Защитный код
Обновить

Комментарии 

Нам пишут 

Благодарность Институту из Петропавловска

Большое спасибо организаторам Конференции за предоставленную ценную информацию. Было бы очень хорошо, если б такие мероприятия проводились чаще. Особую благодарность выражаю за то, что с помощью психолога Института Семейного Воспитания я смогла разобраться в давно интересующих меня вопросах.    Мама ученика 6 класса, г. Петропавловск

Все отзывы

Гимн института 

Рейтинг@Mail.ru

Наши партнеры:

 Министерство образования РК Комитет по охране прав детей МОН РК Центр формирования здорового образа жизни города Астана   

 

Информация:

Данный сайт находиться на стадии доработки, предложения и пожелания можете отправлять на адрес: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

«Родитель: должность, требующая бесконечного терпения, чтобы ее исполнять и не требующая никакого терпения, чтобы ее получить»

Леонард Левинсон