b1b2b3020400

Павлодарда республикалық конференцияға 12 мыңнан аса ата-ана қатысты.

Ертіс өңірінің мектептерінде «ХХІ ғасырдың қазақстандық ата-аналары: «Өз балаңа үлгі бол!» тақырыбында өткен республикалық конференцияға 12 мыңнан аса ата-ана қатысты, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Отбасы күні аясында ұйымдастырылған шара облыстың 389 мектебінде өтті. Ата-аналар мен психологтар облыс орталығындағы №16 мектепте бас қосты. Өңірдегі білім басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Дәуеновтің мәліметінше, акцияға облыстың барлық мектептері жаппай қатысып, белсенділік танытқан.

«Былтыр ата-аналар конференциясына облыстың бірнеше мектебі ғана қатысса, биыл барлық білім ошағы қамтылып отыр. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндердің ата-аналарына баса назар аударылып, педагогикалық және психологиялық көмек көрсетуге тырыстық», - дейді Ернұр Дәуенов.

 
Ауқымды шараға ҚР БҒМ өкілі, Астана қаласы отбасы тәрбиесі орталығының жетекшісі Айнұр Өмірова қатысты. Маман бірінші сыныпта оқитын балғындардың ата-аналарына тұшымды кеңес беріп, сұрақтарына жауап берді.
 
Айнұр Өмірованың айтуынша, қазіргі таңда ата-аналардың көбі жұмысқа берілген, сол себепті бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас қиындай түсетіні анық.
 

«Мектеп табалдырығын алғаш аттаған ұл-қыздарға психологиялық қолдау ауадай қажет. Оқу үрдісіне бейімделу кезінде балаларға көңіл бөлу керек. Балалар мектепке барып жүрген кезде үрейленіп, қорқуы да мүмкін. Сондықтан, біздің басты мақсат – балалар мен ата-аналарға кеңес беріп, қолдау көрсету. Мәселен, Астанадағы отбасы тәрбиесі мектебіне күнбе күн 25 ата-ана келеді. Біз оларға баланы білім алуға баулу, қорқыныштарын жеңу сияқты кеңесімізді айтамыз», - дейді Айнұр Өмірова. 

Орталық жетекшісінің айтуынша, қазіргі таңда ата-аналар баланың психологиясына әсер етудің қарапайым техникаларынан бейхабар. Сол себепті мектеп психологтарының көмегіне жүгінген абзал.

Айта кетейік, биылғы жаңа оқу жылында Павлодар облысында  12 мың 750 ұл-қыз мектеп табалдырығын аттады. Жалпы, мектептерде 97 мыңнан астам оқушы білім алады, бұл – былтырғыға қарағанда 5 мың балаға артық.

 
Автор: Ермек ЕЛЕМЕСОВ , 10 қыркүйек 2016 ж 13:44 , Павлодар
Фото: автора
Источник: BNews.kz 

Комментарийлер 

Қолданушылардан 

Благодарность Институту из Петропавловска

Большое спасибо организаторам Конференции за предоставленную ценную информацию. Было бы очень хорошо, если б такие мероприятия проводились чаще. Особую благодарность выражаю за то, что с помощью психолога Института Семейного Воспитания я смогла разобраться в давно интересующих меня вопросах.    Мама ученика 6 класса, г. Петропавловск

Все отзывы

Институт әнұраны 

Рейтинг@Mail.ru

Біздің серіктестіктер:

Министерство образования РК Комитет по охране прав детей МОН РК Центр формирования здорового образа жизни города Астана 

   

Хабарландыру:

Данный сайт находиться на стадии доработки, предложения и пожелания можете отправлять на адрес  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Не воспитывайте детей,
всё равно они будут похожи на Вас.
Воспитывайте себя

Английская пословица