b1b2b3020400

Өтіп бара жатқан жылда ата-аналармен өткізілген соңғы тренинг.

Отбасылық тәрбиелеу институты өтіп бара жатқан 2012 жылы  педагогикалық білімдер университетінде Астана қаласындағы ата-аналар жұртшылығымен жоспарлы тренинг-ашық сабақтарды аяқтады.

Жаңа жылда біз қарқынды дамып келе жатқан астанамыздың ата-аналарымен отбасылық тәрбиенің өзекті мәселелері бойынша қызықты танымдық кездесулер дайындап жатырмыз.

Қорытынды тренинг 2012 жылы 21 желтоқсанда №56 мектеп-лицейінде өткізілді. Далада қатты аяз болғанына қарамастан, ата-аналар шақыруға аса жауапкершілікпен қарап, отбасылық сабаққа барлығы келді.

Сабақтың тақырыбы: «Ата-ана махаббаты: оны баланың көруі және сезінуі үшін не істеу керек»,-деп аталды.

Ата-аналармен сабақты отбасылық тәрбиелеу жөніндегі мамандар  психолог-кеңесшілер өткізді:

  • Бабич Марина Борисовна –  №23 орта мектептің психологы;
  • Исабаева Күлжанат Төлегенқызы№27 орта мектеп-гимназиясының психологы ;
  • Апанович Ольга Анатольевна - №6 орта мектеп-гимназиясының психологы.

Тренинг өте қызықты және сапалы өткізілді. Іс-шараны жүргізу барысында ата-аналар өздерінің проблемаларымен бөлісті және тек психологтардың ғана емес, сонымен қатар қатысушы ата-аналардың да пікірлерін тындады.

Ата-аналар баланың сезінуі және көруі үшін, ата-аналық махаббаттың қандай болуы керек екендігі туралы айтқан  психолог Бабич Маринаны қызыға тыңдады. Жетекші ата-аналардың назарын махаббатты білдіру тәсілдеріне, атап айтқанда келесілерге аударды:

Ілтипат бұл –  сөзсіз уақытты талап ететін, ата-ана махаббатын білдіру тәсілі.  Балаға көп көңіл аудару қажет болатын жағдайлар жиі болады, бірақ тап сондай уақытта ата-аналар оны тыңдауға құлықтары болмайды.

Балаға көңіл аудару дегеніміз, яғни, ешқандай ұсақ-түйекке навзар аудармай, толығымен балаға бар назарын аудару. Бала ата-анасының өзіне деген махаббатына күмәнданбауы керек. Мұндай сәттерде бала,  ата-анасы үшін өзінің маңызды, ерекше екендігін сезінеді.

Ата-аналардың өздерінің отбасыларын гүлдер түрінде салған кездеріндегі  жарқын жүздеріне сүйсіне қарадық.  Олар қанша әсерге бөленді: кейде сәл мұңды болса, ал  қылқаламды қолдарына алып, өздерінің он жылдан бері сурет салмағандарын естеріне алған кезде, тіпті көңілді болды.  Барлық ата-аналар өздерінің отбасыларын гүлдер түрінде бейнелей алды. Олардың көбі өздерінің шығармашылық суреттерін психологтың түсіндіріп беруін өтінді.  

Психолог Гүлжанат Исабековаға  ата-ана былай деп сұрақ қойды:  «Баланың жетістігі мен үлгілі мінез-құлқына қалай жауап беру керек?»

Гүлжанат былай деп жауап берді: «Барлығынан бұрын «мен» және «маған» есімдіктерін пайдаланып, өзіңнің сезіміңді білдірген дұрыс. Мәселен:

Қызы: Анашым, бүгін мен мектепте мұғалімге дәптерлерді жинауға көмектестім және гүлдерге су құйдым!

Анасы: «Қандай сен ақылдысың!» дегенің орнына, Мен өте қуаныштымын!,-деуі керек.

Отбасылық тәрбиелеуге қатысты ата-аналар қойған басқа да сауалдар болды. Белсенді ата-аналарды тәтті чупа-чупстермен көтермеледік.

 

Психолог  Апанович Ольга отбасы туралы қызық мысал келтірді: 

Кішкентай ұл бала анасына жүгіріп келіп:.

- Анашым, сіз мені жақсы көресіз бе?

- Сен жақсы бала болғанда жақсы көремін, ал жаман бала болғанда, жақсы көрмеймін!,-деп жауап береді.

Сонда сәби анасына мұңайып қарап:

- Ал мен сізді, анашым, әрдайым жақсы көремін…

Балалар біздерден, ересектерден ақылдырық. Олар жай  ғана жақсы көре біледі!

Мысалды тыңдағаннан кейін ата-аналар, кездесудің қорытындысын өздері жасады :

«Бала өмірге  ақылды және мейірімді адамзат болу үшін келеді. Оны жақсы көруден қорықпаңыз... Әр баланы еркелету керек, оны жақсы көру және оған мейірімділік көрсету керек». Ал біз ата-аналар, тәрбиені өзімізден бастауымыз керек, өйткені тәрбие бұл – тәрбиешіге де және тәрбиеленушіге де қатысты, екі жақты үдеріс; өзіңді өзгерту үшін саналы түрде күш-жігер жұмсау керек.

Ата-аналарға арналған педагогикалық білімдер университеті, біздің еліміздің барлық отбасыларына бақытты  отбасылық өмір және зор махаббат тілейді!!! Шын бақытқа  отбасында ғана жетуге болады!

Жаңа 2013 жыл барлығыңызды айналаңыздар үшін  төзімді және мейірімді етсін!!!

 

Ақпаратты дайындаған: А.О.Өмірова А.О.- Отбасылық тәрбиелеу  институтының бас маманы.

Жұмыс телефоны: 94-96-77.  

Комментарийлер 

Қолданушылардан 

Благодарность Институту из Петропавловска

Большое спасибо организаторам Конференции за предоставленную ценную информацию. Было бы очень хорошо, если б такие мероприятия проводились чаще. Особую благодарность выражаю за то, что с помощью психолога Института Семейного Воспитания я смогла разобраться в давно интересующих меня вопросах.    Мама ученика 6 класса, г. Петропавловск

Все отзывы

Институт әнұраны 

Рейтинг@Mail.ru

Біздің серіктестіктер:

Министерство образования РК Комитет по охране прав детей МОН РК Центр формирования здорового образа жизни города Астана 

   

Хабарландыру:

Данный сайт находиться на стадии доработки, предложения и пожелания можете отправлять на адрес  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

«Родитель: должность, требующая бесконечного терпения, чтобы ее исполнять и не требующая никакого терпения, чтобы ее получить»

Леонард Левинсон