b1b2b3020400

Біргеміз» ЖАС ЖҰБАЙЛАР МЕКТЕБІ» жаңа жобасының ашылуы.

2012 жылы 1 қарашада Отбасылық тәрбиелеу институты жаңа жоба ашты. 
     «Біргеміз» жас жұбайлар мектебінде» некеге отыруға ниет еткен жігіттер мен қыздардың арасында бірінші сабақ өткізілді. Тренинг-сабақ Астана қаласының Алматы аудандық АХАЖ-да өткізілді.
Жобаны ҚР Әділет министрлігінің қолдауымен Отбасылық тәрбиелеу институты ұйымдастырды.                                                                                                      Тренингтің тақырыбы: «Отбасы туралы ғылымның қысқаша даму тарихы. Отбасын жүйе ретінде түсіну. Отбасының табысты өмір тіршілігінің заңдары.  Отбасының құрылымы және оның бұзылуы (авторы Л.Д. Лебедева «Менің отбасым гүл түрінде» және авторы Г.В.Новикова «Түймелер» әдістемелерін пайдалана отырып жасалған жаттығулар). 

 Тренингтің МАҚСАТЫ:  некеге тұратын жастарға отбасын құруға дайындық кезеңінде психологиялық қолдау көрсету; тұлғааралық қарым-қатынастар саласында жастардың функционалдық сауаттылығын арттыру.




Тренингке Астана қаласындағы Алматы аудандық АХАЖ-ға өтініш берген жас жұбайлар жұптары қатысты. Жастармен танысу дастархан басында өтті. Олар өздерінің отбасылары, ата-аналары және бақытты өмір сүру үшін, өздерінің таңдаған өмірлік жұптары туралы әңгімелеп берді.
Тренингте  Отбасылық тәрбиелеу институтының директоры  Набитовская  Любовь Николаевна сөз сөйледі, ол  Отбасылық тәрбиелеу институты туралы және  2012-2017  жылдар аралығындағы 5 жыл мерзім ішінде қызмет ететін, оның жаңа «БІРГЕМІЗ» ЖАС ЖҰБАЙЛАР МЕКТЕБІ» жобасы  туралы айтты.
      «БІРГЕМІЗ» ЖАС ЖҰБАЙЛАР МЕКТЕБІН»   құру және ұйымдастыру идеясы,  біздің еліміздегі қауіпті әлеуметтік-демографиялық үдерістер – тіркелмеген некелердің санының өсуінің; айырылысу санының артуының, соның салдарынан толық емес отбасыларында тәрбиеленетін балалар санының көбеюі мәселелерінен туындады. 
    Аталған мәселелерді шешудің тиімді жолдарының бірі -  жастардың психологиялық мәдениеті деңгейін арттыру, тұрақты бақытты отбасылар мәртебесін нығайту, тұлғааралық өзара әрекеттестік саласындағы қазақстандық жастардың функционалдық сауаттылығын арттыру бойынша жүйелі іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады. 

 

   
Жетекші, Отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші Өмірова Айнұр Оралбекқызы  залдағы тренингке қатысып отырған жастармен, қуыршақ терапиясы элементтері бар «Кішкентай адам» жаттығуы арқылы танысуды бастады, онда жастар сулықтар көмегімен, қайшысыз адамның сұлбасын жасады, дайын суретке өздерінің ой-пікірлері, армандары туралы, болашақтағы саяхаттары жайлы жазды. Сосын тренингтің әрбір қатысушысы өзі жасаған адам туралы, оның  тілектері туралы әңгімелеп берді.
Жастардың әңгімелері өте қызықты болды. Олардың әрқайсысы үш-төрт перезент сүюді, бақытты, салауатты отбасын құруды, сондай-ақ отбасымен бірге түрлі саяхаттарға баруды армандайды екен.
Жастар таныстықтан кейін тренингтің ақпараттық жағына өтті, оның барысында жастар бір-бірімен танысып, әрі қарайғы жұмысқа әзірленді. 
      «Отбасы» сөзіне қандай анықтама берер едіңіз және сіздер отбасылық өмірдің қандай функцияларын білесіздер?» деген сұраққа:
Жастар дұрыс жауап берді. «Отбасы» деген түсінікке, олар: «Отбасы бұл - өзара түсіністік, махаббат, балалы болу. Өзар түсінусіз және өзара махаббатсыз отбасын құра алмайсың»,-деген анықтама берді.
    Содан кейін жастарға «Отбасы» сөздің ғылыми анықтамасы түсіндірілді.
      Отбасы бұл – махаббатпен, мүдделердің ортақтығымен, өзара көмек және бір-бірлерінің проблемалары мен қуаныштарына деген өзара түсіністік.
Тренингті өткізу барысында психологтар қалыпты отбасында міндетті түрде орындалуы тиісті отбасының  функциясы туралы айтты. Қалыпты және  дисфункционалдық отбасылар түсініктеріне анықтама берді.
Өмір сүріп отырған дисфункционалдық отбасыларымен танысты.

Сондай-ақ төменде айтылғандай, отбасылық өмірдің кездесетін дағдарыстары туралы әңгімелеп берді:
1- 1 жастан 2 жасқа дейінгі бірге өмір суру дағдарысы;
2- бірге өмір сурудің 3 жылдық дағдарысы;
3- некелік қарым-қатынастардың жеті жылдық дағдарысы;
4-  Отбасының «Жасөспірімдіу кезең» дағдарысы.
Тренингтің теориялық жағында жастар психологтың «Отбасын сақтауға арналған үш қадам» ұсынысына ие болды.



 
Содан кейін тренингке қатысушылар шығармашылық жұмысқа кірісті, олар: авторы Л.Д. Лебедеваның арттерапия әдістемесі бойынша «Менің отбасым гүл түрінде» суретін салды. Бірлескен шығармашылық жастарды     «Біз қалай өмір сүреміз және біздің неше  баламыз болады» деген атауы бар, қызықты ғажайыптар әлеміне жетелеп алып кетті. 

Жұмысты аяқтағаннан кейін, әрбір жұп дайын суреттеріне болашаққа жолдау жазып қалдырды!!!


           

Жас жұбайлар «Біз бір қаннан жаралғанбыз» ойынын да ойнады.
Жас жұбайлардың бір-біріне сұрақ қойып, өздерінің жеке қызығушылықтары мен ұқсастықтарын анықтағандары өте тартымды болды. Олардың ойынша, талғамдары, өзара қарым-қатынас, дағдылары, мінез-құлықтары арасында ортақтық бар және болашақта ортақ істері де көбейері сөзсіз.  
     Бұл жаттығу жас жұбайлардың арасындағы қарым-қатынастарын нығайтуға, бір-бірлерін тереңірек білуге мүмкіндік береді, даму мен қызметтің түрлі бағыттарында оларды біртұтас етіп біріктіретін, ортақтықты табуға көмектеседі. Бұл жаттығу арқылы олар ӨЗАР ТҮСІНІСТІК; ӨЗАРА КӨМЕК тәрізді қасиеттердің түсінігі мен маңызын көрсетті.


                    


Сабақтың қорытындысын жасай отырып, жас жұбайлар жетекшілердің Отбасы дағдарысы деген «оның беріктігінің қорын» көрсетеді деген қорытындыға келді. Дағдарыс отбасының «әлсіз жерлері» ғана емес, сонымен қатар оның «күшті де жерлері» болып табылады. «Әлсіз жерлері бұл – көбіне жиі ұрыс-керіс болатын жері», «күшті жерлері» бұл –  сіздің пробламаңызды шешуге көмектесетін жерлері.
Дағдарыстар –  көбіне объективті деп түсіну, көзқарас фокусын өзгертуге көмектеседі: менің жұбайым жаман емес, мен де жаман емеспін, кезең сондай болып отыр.  Кез келген отбасылық дағдарыстан шығудың жолы -  төзімділік, жұбайыңның көзқарасына және жағдайына шыдамдылық таныту, өзара сыйластық және бір-біріне көмек көрсету.  
Тренингтің қызықты өткенін және оның жастарға берген пайдасының мол болғанын атап өткен жөн. Бұл тренингтің барысында жастар өздерінің отбасылық өмір туралы білімдерін толықтырды.  
Жастар «Тілектер туралы альбомға» өздерінің жүрекжарды тілектерін жазып, өздерінің бұл тренингтің арқасында  көп нәрсені білгендерін айтып кетіп, отбасылық өмірдің дағдарысы, қалыпты және дисфункционалдық отбасы деген нәрселерден бұрын бейхабар болғандарын, енді өздерінің өмірлерінде отбасылық дағдарыстар кездессе, отбасын сақтай отырып, одан қалай шығу керектігін білетіндіктерін, болашақта ойланбаған, жылдам шешімдер қабылдамайтындықтарын жазып қалдырыпты.
Келесі тренинг 2012 жылдың   25 желтоқсанында Астана қаласының Алматы аудандық АХАЖ-да  сағат 16.00-де болады.

                              

Отбасылық тәрбиелеу институты.

Комментарийлер 

Қолданушылардан 

Благодарность Институту из Петропавловска

Большое спасибо организаторам Конференции за предоставленную ценную информацию. Было бы очень хорошо, если б такие мероприятия проводились чаще. Особую благодарность выражаю за то, что с помощью психолога Института Семейного Воспитания я смогла разобраться в давно интересующих меня вопросах.    Мама ученика 6 класса, г. Петропавловск

Все отзывы

Институт әнұраны 

Рейтинг@Mail.ru

Біздің серіктестіктер:

Министерство образования РК Комитет по охране прав детей МОН РК Центр формирования здорового образа жизни города Астана 

   

Хабарландыру:

Данный сайт находиться на стадии доработки, предложения и пожелания можете отправлять на адрес  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Семья – это место приземления для старших, стартовая площадка для младших и маячок взаимоотношений для каждого.

Марк Аврелий