b1b2b3020400

Наталья Афанасьевна Цветкова

Контакті

Контактінің кескіндері

Оқытушы

Қосымша ақпарат

Психолог, психология және физика-математика ғылымдарының кандидаты, Ресей Педагогика және Әлеуметтік ғылымдар академиясының корреспондент мүшесі,  IDEAL-әдіс академиясында сертификат алған кеңесші-психогенетик (Лос-Анджелес қ., Калифорния, США); Халықаралық Эрикссон Университетінде сертификат алған коуч.

100-ден астам ғылыми және ғылыми-әйгілі мақалалардың, аналитикалық шолулардың, оқу-әдістемелік зерттемелердің, соның ішінде  "Раскрытие безграничных возможностей, или сюрПРИЗ от предков", "Что вам мешает стать богатым и остатьься счастливым", "Семейная жизнь БЕЗ кризисов", "Зеркало для героя: идеальное будущее как отражение осознанного прошлого" кітаптарының авторы.

Кәсіби білімді тек Ресейде ғана емес (М.В. Ломоносов атындағы ММУ, Психология және педагогика институты), сонымен қатар бірқатар шетелдік білім беру мекемелерінде алған: Сан-Франциско қаласындағы Отбасылық Бизнес Институтында (институттың негізін қалаған басшылары – әлемдік психотерапия жұлдыздары Рут МакКлендон мен Лесли Кэйдис), Лос-Анджелес қаласындағы ATIM  академиясында (академияның негізін қалаған психологиялық кеңес берудегі соны көзқарастың авторы, доктор Чампион Курт Тойч), Халықаралық Эрикссон Университетінде (университеттің негізін қалаған президенті – НЛП және коучинг саласындағы әйгілі маман Мэрилин Аткинсон).

Халықаралық Отбасылық Терапия Қауымдастығының мүшесі. Кеңес берудегі тәжірибесі мол, Мәскеу психология-социологиялық институты «СемьЯ» психологиялық кеңес беру орталығын басқарады. Өзінің кеңес беру қызметінде Н.А.Цветкова өзі әлемдік психология майталмандарынан (Джоз Стивенс, США;  Джон Кехо, Канада; Вольфганг Линкер, Германия; Винсент де Гольжак, Франция; Майкл Пасс, США; Лууле Виилма, Эстония; Свами Хемант, Индия; Ален Оливер, США) алған дәрістер барысында меңгерген кеңестік әдістер мен әдістемелердің мол қорын қолданады.

Ол ресейлік практик психологтардың кәсіби деңгейін арттыруға ықпал ететін педагогикалық және ағарту жұмысын  өз қызметінің маңызды бағыттарының бірі деп санайды. Осы мақсатта  Рут Макклендон мен Лэсли Кэйдистің  «Супружеская и семейная терапия» және «Шоколадный пудинг и другие методики интенсивной многосемейной терапии» кітаптарын; Эллин Бэйдер мен  Питер Пирсонның «В поисках мифической пары» кітабын; Флоренс Каслоудың «Генограмма как проективная техника в диагностике и психотерапии» кітабын, Ч.К.Тойч пен  Дж. М.Тойчтың  «Второе рождение или искусство познать и изменить себя» кітабын орысшаға аударып, олардың жарыққа шығуына ықпал етті. «Психология семейных отношений» және  «Психобиографический метод в психологическом консультировании» авторлық оқу-әдістемелік құралдарын шығарды. Психобиографиялық әдісті зерттеу және тәжірибеде қолдану бойынша оқыту семинарлары мен шеберлік сабақтарын өткізеді, бұл әдістердің негізі ретінде адам мінез-құлқы психогенетикасының тұжырымдамасы қолданылады.

Адам өмірінің барлық салаларында – жеке өмірде, отбасылық, кәсіби өмірде өз проблемасын өзі сәтті шешу бойынша тәжірибелік дағдылар мен білім алу бойынша семинарлардың авторы әрі жүргізушісі. Н.А. Цветкова семинарларының мақсаты – әрбір қатысушыға өзін-өзі және қоршаған әлемге өз реакцияларын терең түсінуге, өткен өмірді ұғыну арқылы қазіргі жанжалдардың пайда болу себептерін бақылауға,   қанағаттанбаушылықтың, ішкі дисгармония мен бітпейтін өкініштердің «тұйық шеңберінен» түбегейлі шығуға,   қуаныштар мен жеңістерге толы өмірге қол жеткізуге көмектесу. Түрлі санаттағы қатысушыларға бағытталған семинарлар; олар қызықты, адамдармен жұмыс істейтін кәсібилерге де, сонымен қатар өзін-өзі жетілдіру мен жетістіктерге ұмтылатын барлық адамдар үшін де түсінікті әрі пайдалы.  Н.А.Цветкова өз семинарларын Мәскеуде және Ресейдің өзге қалаларында, ТМД елдерінде өткізеді.

<< Артқа

Комментарийлер 

Қолданушылардан 

Благодарность Институту из Петропавловска

Большое спасибо организаторам Конференции за предоставленную ценную информацию. Было бы очень хорошо, если б такие мероприятия проводились чаще. Особую благодарность выражаю за то, что с помощью психолога Института Семейного Воспитания я смогла разобраться в давно интересующих меня вопросах.    Мама ученика 6 класса, г. Петропавловск

Все отзывы

Институт әнұраны 

Рейтинг@Mail.ru

Біздің серіктестіктер:

Министерство образования РК Комитет по охране прав детей МОН РК Центр формирования здорового образа жизни города Астана 

   

Хабарландыру:

Данный сайт находиться на стадии доработки, предложения и пожелания можете отправлять на адрес  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Ребенок учится тому,
что видит у себя в дому.
Родители, пример тому.