b1b2b3020400

Әкімшілік

Құрметті сайт пайдаланушылары!

Сіздерге арнаған алғашқы үндеуімді "Отанды сүю - отбасынан басталады" - "К Родине любовь - у семейного очага рождается" деген қазақ халық мақалынан бастағым келеді.

Осы себептен де тек қана толық, үйлесімді отбасында өзіне, өз шешімдеріне, болашақ ұрпақтар тағдырына жауапты бола алатын, өз елінің нағыз патриотын тәрбиелеп шығу мүмкін болмақ. Отбасындағы тәрбие – бұл әрбір тұлға мен азаматтың қалыптасуының «альфасы мен омегасы». Бүгінгі күні бізде түрлі мәдениеттердегі отбасылық қатынастарды тарихи зерттеулерден бастап қазіргі психология жетістіктеріне дейін бүтін бір ғылыми арсенал бар, бұны біз қазақстандық қоғамда жемісті қолдана аламыз. Қазақстандық отбасыларға орасан зор пайдалы болатын осындай мүмкіндіктерден бас тарту мүлде орынсыз болар еді.

Қоғамның «Отбасылық Тәрбиелеу Институты» секілді институтты құруға деген сұранысы әлдеқашан толғағы жеткен мәселе еді. Отбасын құру үшін, оның іргетасын қалай қалау керектігін білу керек. Бұл – үлкен, маңызды ғылым. Философтар отбасын табиғаттың шедевры деп айтуы жай айтыла салған сөз емес. Қоғамның өміршеңдігі мен әрбір жеке адамның бақыты отбасының бүтіндігіне байланысты. Бүгінгі таңда қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымы соншалықты өзгергенімен, отбасы оның бұлжымас негізі болып қала береді. Бүгінгі ата-аналар балаларын тәрбиелей отырып, еліміздің болашақ тарихын, яғни әлемнің де тарихын тәрбиелейді.

Сапалы отбасылық тәрбие ата-аналар мен педагогтардың, мектеп психологтары мен оқушылардың ортақ келісімге келген күш-жігерінсіз, олардың ортақ өзара қарым-қатынасынсыз (және келісімінсіз), сондай-ақ тәрбиенің өзге қатысушыларынсыз мүмкін емес. Біріншіден, балаға  отбасы мен мектеп қоятын талаптар бір-біріне қайшы келмей, моральды-адамгершілік құндылықтар мен ұстанымдардың, тәртіптік нормалардың бірізді тәртібін беруі тиіс. Екіншіден, тіпті ең мейірімді ата-аналардың өзі өздігінен білімін толықтыруға мұқтаж, бұл міндетті тиімді жүзеге асыруға білім беру мекемесінің қызметкерлері көмектесе алады және көмектесуі тиіс. Яғни тәрбие мен білімді тек балаларға ғана емес, сонымен қатар олардың ата-аналарына да беру қажет!

Ата-аналарды тәрбиелеудің стратегиялық мақсаты – олардың әрбіреуіне нағыз ата-ана болуға, көзі ашық болуға, өз құндылықтары мен ұстанымдарын, үміттерін, ата-аналық сезімдері мен қөзқарастарын ұғынуға көмектесу. Осы жетістіктерге жеткенде ата-ана сүйікті перзентіне үйлесімді тұлға болып қалыптасуға кедергі келтіруі мүмкін әрекеттеріне абай болуға және оларды түзеп отыруға мүмкіншілігі жететін ата-ана болады. Ата-аналардың педагогикалық білімсіздігі, отбасындағы психологиялық жайсыздық пен тұрақсыз эмоционалдық жағдай жасөспірімнің бойында лайықсыз және жағымсыз өмірлік ұстанымдар қалыптасуына әкеп соғуы мүмкін. 

Сондықтан, институт, анығырақ айтсақ, Отбасылық Тәрбиелеу иснитуты біздің барлығымыз үшін аса қажет! Мен сайт пайдаланушыларына оларды мазалайтын, қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап табуын тілеймін.

Барлығыңызға денсаулық, жетістіктер, ең бастысы даналық тілеймін!

 

Сіздерге деген сүйіспеншілікпен,
С. Л. Евдокимова

Материалдар жоқ

Комментарийлер 

Қолданушылардан 

Благодарность Институту из Петропавловска

Большое спасибо организаторам Конференции за предоставленную ценную информацию. Было бы очень хорошо, если б такие мероприятия проводились чаще. Особую благодарность выражаю за то, что с помощью психолога Института Семейного Воспитания я смогла разобраться в давно интересующих меня вопросах.    Мама ученика 6 класса, г. Петропавловск

Все отзывы

Институт әнұраны 

Рейтинг@Mail.ru

Біздің серіктестіктер:

Министерство образования РК Комитет по охране прав детей МОН РК Центр формирования здорового образа жизни города Астана 

   

Хабарландыру:

Данный сайт находиться на стадии доработки, предложения и пожелания можете отправлять на адрес  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Воспитывая детей, нынешние родители воспитывают будущую историю нашей страны, а значит — и историю мира.

А.С.Макаренко